Футбол
11 шілде 2025 10:00

Еуропа лигасындағы "Ақтөбенің" алғашқы матчінің тағыдыры бір голмен шешілді

© instagram.com/fcaktobe_official/

Польша астанасы Варшава қаласында Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчы аяқталды. Бұл кездесуде жергілікті "Легия" командасы өз алаңында Қазақстанның "Ақтөбе" клубын қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық команда есепті ойынның 9-минутында ашты. Гол авторы - шабуылшы Оралхан Өміртаев. Алайда төреші бұл голды офсайд үшін есепке алмады - қонақтар командасының ойыншысы сәл ғана алға шығып кеткен еді.

"Легия" өз жауабын 25-минутта берді. Қожайындар сапындағы армениялық жартылай қорғаушы Ваган Бичахчян гол соқты, бұл осы матчтегі жалғыз гол болды.

Осылайша, матч 1:0 есебімен польшалық клубтың пайдасына аяқталды.

Қарымта кездесу 17 шілдеде Ақтөбедегі стадионда өтеді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport