Бүгін, 17 шілдеде Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі "Ақтөбе" мен польшалық "Легия" командасы арасындағы қарымта матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алғашқы ойын Варшава қаласында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталған болатын.
"Ақтөбе" мен "Легия" арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Кездесуді "Qazaqstan" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Еуропа лигасындағы "Ақтөбе" – "Легия" матчының тікелей трансляциясы
Бұған дейін "Легия" клубының бір ойыншысы Қазақстанға өтетін қарымта матчқа келуден бас тартқаны белгілі болды.
Сондай-ақ, польшалық клубтың жаттықтырушылар штабы "Ақтөбемен" өткен алғашқы ойыннан кейін өз футболшыларына қатты сын айтты, ал Польшада матч нәтижесі көпшілікті таңғалдырыпты.
Жарнама