Осының алдында "Арсенал" өз алаңында "Айнтрахттан" ұтылып - 1:2, қатарынан жетінші матчте жеңіске жете алмады. Клуб үшін бұл 27 жылдағы ең нашар серия болды.
48 жастағы Эмери "Арсеналды" 2018 жылдың жазынан жаттықтырды. Өткен маусымда клуб Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, "Челсиден" (1:4) ұтылды. Ал АПЛ-де тек бесінші болып Чемпиондар лигасына шыға алмады.
Осы чемпионатта "Арсенал" 13 тур қорытындысы бойынша 18 ұпаймен сегізінші келеді.
"Арсенал" бас бапкерді алмастыратын маман қарастыруда