Еуропа лигасы топтық кезеңінің қорытындысы бойынша 1/16 финалға шығатын командалар анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Плей-офф кезеңінде Еуропа лигасындағы 12 команданың әрқайсысынан ең мықты екеуі және Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде өз квартеттерінде үшінші болған сегіз команда ойнайды.
А тобынан 1/16 финалға "Рома" (Италия) мен "Янг Бойз" (Швейцария) шықты.
В тобынан - "Арсенал" (Англия) мен "Мольде" (Норвегия).
С тобынан - "Байер" (Германия) мен "Славия" (Чехия).
D тобынан - "Рейнджерс" (Шотландия) пен "Бенфика" (Португалия).
Е тобынан - ПСВ (Нидерланды) мен "Гранада" (Испания).
F тобынан - "Наполи" (Италия) мен "Реал Сосьедад" (Испания).
G тобынан - "Лестер" (Англия) мен "Брага" (Португалия).
Н тобынан - "Милан" (Италия) мен "Лилль" (Франция).
I тобынан - "Вильярреал" (Испания) мен "Маккаби" (Тель-Авив, Израиль).
J тобынан - "Тоттенхэм" (Англия) мен "Антверпен" (Бельгия).
K тобынан - "Динамо" (Загреб, Хорватия) мен "Вольфсберг" (Аустрия).
L тобынан - "Хоффенхайм" (Германия) мен "Црвена Звезда" (Сербия).
Чемпиондар лигасынан шығып қалып, жарыс жолын Еуропа лигасында жалғастыратын командалар: "Зальцбург" (Аустрия), "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Олимпиакос" (Греция), "Краснодар" (Ресей), "Аякс" (Нидерланды), "Брюгге" (Бельгия), "Динамо" (Киев, Украина) және "Шахтер" (Украина).
1/16 финал жеребесі 14 желтоқсанда тартылады.