Еуропа лигасында ойнаған легионер қазақстандық клуб сапынан кетті

© "Оқжетпес" ФК
Украиналық жартылай қорғаушы Иван Бобко көкшетаулық "Оқжетпес" сапынан кетті, - деп хабарлайды Footboom.com.

29 жастағы футболшы еркін агент құқымен кетіп, басқа команда іздестіріп жатыр. 

"Оқжетпес" сапына Бобко 2019 жылы шілдеде өткен. Өткен маусымда көкшетаулық клуб үшін ол 11 матчте ойнап, бір ассист жасады және екі рет сары қағаз алған. "Оқжетпес" Қазақстан чемпионатында жетінші болды.

Бобко өз карьерасында "Черноморец", харьковтік "Металлист", венгериялық "Дебрецен", шведциялық АФК "Эскильстуна" командаларында ойнады. "Черноморец" командасымен бірге ол 2013/14 маусымында Украина кубогының финалисті болды және Еуропа лигасында ойнады.