Футбол
15 тамыз 09:15

Еуропа лигасында анық сенсация болды

©instagram.com/lincolnredimpsfc/

Армениялық "Ноа" клубы Еуропа лигасының іріктеу финалына бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші матчта Гибралтарлық "Линкольнмен" тең нәтиже (1:1) тіркелген соң, армениялық команда өз алаңында шешуші жеңіске жете алмады - негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында қонақтар 6:5 есебімен келесі кезеңге өтті.

Енді "Линкольн" топтық кезең жолдамасы үшін португалиялық "Брагаға" қарсы ойнайды. Айта кетейік, "Брага" өз кезегінде румыниялық "ЧФР Клужды" жарыстан шығарды.

Сонымен қатар, Гибралтар клубы кемінде Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алғанын да атап өткен жөн.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport