"Қайрат" командасының бас бапкері Кирилл Кекер Еуропа лигасындағы "Алашкертпен" ойынды қорытындылады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Өкінішке қарай, біз ойдағыдай нәтиже көрсете алмадық. Осыған байланысты бас бапкер қызметінен өз еркіммен отставкаға кетуді ұйғардым. Клубқа білдірген сенім мен алматылық клубтың негізгі құрамына бас бапкер ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін", - деп береді маманның сөзін клубтың баспасөз қызметі.