Еуропа лигасы плей-офф кезеңіне өткен 14 команда іріктелді

©sport.ru

Кеше Еуропа лигасы топтық кезеңінің 5-тур матчтері өтті, деп жазады Vesti.kz.

Бұл ойындардың қорытындысы бойынша плей-офф кезеңге өткен 14 команда анықталды. "Аталанта" (Италия), "Байер" (Германия) және "Ливерпуль" (Англия) топта бірінші орынмен 1/8 финалға төте жолдама алды.

"Брайтон энд Хоув Альбион" (Англия), "Фрайбург" (Германия), "Олимпик" (Франция), "Ренн" (Франция), "Рома" (Италия), "Славия" (Чехия), "Вильярреал" (Испания) және "Вест Хэм Юнайтед" (Англия) клубтары Еуропа лигасының плей-офф раундына анық өтіп отыр, бірақ бұл командалар жарысты қай раундтан бастайтыны әзірге белгісіз. 

"Спортинг" (Португалия) топта екінші болып, турнирдің 1/16 финалына өтті (плей-офф кезеңнің нокаут-раунды). "Фейеноорд" (Нидерланды) пен "Янг Бойз" (Швейцария) те жарысты осы кезеңнен бастайды.

Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы алтыншы тур ойындары 14 желтоқсанда өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport