Еуропа лигасындағы кипрлік "Омония" мен молдовалық "Шериф" командалары арасындағы ойынды Никосиядағы "Нео ГСП" стадионында болған тәртіпсіздік үшін тоқтатуға тура келді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ойын кезінде кипрлік команданың жанкүйерлері алаңға бөгде заттар лақтырды. Ал суы бар пакет қапталдағы төрешінің басына тіп кетті.
Сол кезде ойын тоқтатылды. Бұл ойынның 58-минуты болатын. "Шериф" командасы 2:0 есебімен жеңіп жатқан. Арада 10 минут өткеннен кейін ойын қайта жалғасты. Матч бітуіне санаулы минуттар қалғанда "Шериф" үшінші голып соғып, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді "Шериф" Еуропа лигасында 15 қыркүйек күні ағылшындық "МЮ" командасын өз алаңында қабылдаса, "Омония" сырт алаңда "Реал Сосьедад" командасымен жолығады.