Еуропа чемпионы атанған Англия құрамасының ойыншыларының табысы айтылды

©pikabu

Әйелдер арасында Еуропа чемпионы атанған Англия құрамасының әр ойыншысына жергілікті билік Криштиану Роналдудың бір күндік табысы болатындай қаржыдан береді, деп жазады Daily Star.

Тарихи жеңістен кейін құраманың әр мүшесіне 65,5 мың еуродан (55 мың фунт) үлестіреді. Басылымның мәліметінше, бұл футбол әлемінде үлкен ақша болып есептелмейді.

Мәселен "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Роналдудың бір күндік табысы шамамен 65,5 мың еуро болса, ай сайын есепшотына 458 мың еуро түседі.

Салыстырмалы түрде Еуро-2020 турнирінің финалына шығып, екінші орын алған Англияның ерлер құрамасының әр футболшысына 300 мың еуродан таратқан.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар