Франция, Англия және Нидерланды құрамалары 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финал кезеңіне жолдама алып отыр, деп жазады Vesti.kz.
Еске салайық, Еуроның плей-офф кезеңінде кварттетте алғашқы екі орынды алған командалар өтеді және үшінші орын алған құрамалар арасынан үздік төртеуі өтеді.
Франция, Англия және Нидерланды құрамалары енді үшінші орыннан төмен түспейді.
Атап айтқанда Гарет Саутгейт жаттықтыратын команда Италия мен Хорватия тең түскеннен кейін (1:1) және Албания Испаниядан ұтылған соң (0:1) С тобынан келесі кезеңге кепілді түрде өтеді.
Команда үшінші орын ғана алса да топтан шығып қалмайды: Англияда екі топтан кейін төрт ұпай бар, ал А және В тобында үшінші болған Венгрия мен Хорватияда үш матчтен кейін - үш және екі ұпайдан.
Нидерланды мен Францияда да солай – D тобында төрт ұпайдан, демек. бұл құрамалар үшінші орын алса да, жарыстан шығып қалмайды.
Осылайша, қазіргі таңда Еуро-2024 плей-офф кезеңіне Германия, Швейцария, Испания, Италия, Португалия, Англия, Франция және Нидерланды өтіп тұр.