Футбол
7 шілде 2021 11:33

Еуропа чемпионатының финалына шығатын екінші команда аталды

Сурет: Sportbox

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатында Англия мен Дания арасында жартылай финалдың екінші матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді, сағат 01:00-де басталады. 

Parimatch букмекерлерінің болжамы бойынша жарыстың екінші финалисі Англия болады. Бұл команданың жеңісіне коэффициент 1.36, ал Данияға - 3.30.

Бұл матчтің негізгі уақытына коэффициенттер мынадай:

Англия жеңісіне - 1.71, тең ойынға - 3.75, Данияға - 5.80.

Еске салайық, финалға шыққан бірінші команда Италия болды. 1/2 кезеңдегі ойында италиялықтар Испаниядан пенальти сериясында басым түсті - 1:1 (4:2 пенальтиде).