Футбол
31 қаңтар 2022 16:53

Еуропа чемпионаты кезінде жүрегі тоқтап қалған футболшы ағылшындық командамен келісімшарт жасады

©Getty Images

Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен "Бренфорд" командасымен келісімшарт жасады. Бұл туралы ағылшындық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

29 жастағы жартылай қорғаушы "Бренфорд" командасымен маусымның соңына дейін келісімшарт жасады. Келісімшарт тағы бір жылға ұзартылуы мүмкін. 

Айта кетейік, 2021 жылы Еуропа чемпионаты кезінде Дания-Финляндия (0:1) арасындағы ойын барысында Эриксеннің жүрегі тоқтап қалған еді. Дәрігерлер оны бірден емханаға алып кетті. Кейін футболшының жүрегіне кардиовертер-дефибриллятор орнатылды. Содан бері ол бірде-бір ресми кездесуге шықпады. 

Соңғы кездері ол даниялық және амстердамдық "Аякс" командасында жаттығу жасады. Ол соңғы сұқбаттарының бірінде Еуро-2024 турниріне қатысу басты мақсаты екенін айтты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport