Еурокубоктан "Қайратты" шығарып тастаған команда футболшысын ҚПЛ клубына жіберді

©"Вождовац" ФК

Сербиялық футболшы Лазар Зличич карьерасын Қазақстан чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды "Кишварда" (Венгрия) клубының баспасөз қызметі.

Transfermarkt мәліметінше, келісімшарт жыл соңына дейін жасалған.

"Зличич біздің клубтан кетті. Сербия және Венгрия азаматтығы бар жартылай қорғаушы "Каишвардаға" 2020 жылы қосылған, кейінгі екі жылда 45 матчке қатысып, бір гол салды және екі нәтижелі пас берді. 

25 жастағы футболшы карьерасын "Аксуда" жалғастырады, - делінген клуб хабарламасында.

Еске салайық, "Кишварда" Конференция лигасының екінші раундында "Қайратты" (1:0, 1:0) жарыстан шығарып тастады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport