Еурокубок қатысушысы Қазақстан чемпионатын жеңілістен бастады

©instagram.com/fcqyzyljar/

"Каспий" ҚПЛ-2022 маусымының бірінші турында "Қызыл-Жар" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақтауда өткен матч 1:0 есебімен бітті. Шешуші голды 66-й минутта Асылан Әділ салды.

10 наурыздағы екінші турда "Қызыл-Жар" өз алаңында "Шахтермен", ал "Каспий" келесі күні "Тобылмен" ойнайды.

Бүгінгі өзге ойындарда мынадай нәтиже тіркелді: "Астана" - "Шахтер" (0:0), "Ордабасы" - "Мақтаарал" (1:1), "Атырау" - "Ақсу" (0:0). 

Еске салайық, "Қызыл-Жар" өткен маусымды төртінші болып аяқтап, Конференция лигасына жолдама жеңіп алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport