Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турнирінің іріктеу кезеңіндегі матчте Италиядан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарымта кездесу Астанада өтті. Негізгі уақытта есеп 3:2 болып, алаң иелерінің пайдасына шешілді. Алайда матчтың тағдыры пенальти сериясында анықталды.
Үшінші минутта Дәурен Тұрсағұлов (2:42) бас бапкер Рикардо Кака шәкірттерін алға шығарды.
Сегізінші минутта Матэус Барикелло (7:05) есепті теңестірді.
Үзіліске аз уақыт қалғанда Италия құрамасы тағы бір гол соққанымен, төреші оны ереже бұзылғаны үшін есепке алған жоқ.
17-минутта Альберт Ақбалықов (16:10) қарсылас қақпасына екінші голды соғып, Қазақстан құрамасы бірінші таймды басымдықпен аяқтады.
Еске салайық, алғашқы матч 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында өтіп, алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.
Ойынның екінші бөлігінде Луис Турмена (31:58) Қазақстан құрамасын қынжылтты, есеп теңесті. Алайда 35-минутта (34:26) қарсылас ойыншысы Габриэль Моттаның автоголынан кейін Қазақстан қайтадан алға шықты – 3:2.
Матчтың аяқталуына бір минут қалғанда италиялықтар пенальти тебуге мүмкіндік алды, бірақ, доп Мотта Игита қорғаған қақпадан мүлт кетті.
Овертаймда есеп өзгерген жоқ – жеңімпазды пенальти сериясы анықтады.
Бірінші болып соққы жасаған Альберт Ақбалықов италиялық қақпашыны алдай алмады. Артынша италиялық ойыншы есеп ашты – 1:0. Арнольд Кнауб та өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмады.
Венасио қазақстандық қақпаның маңдайшасын дірілдетсе де, Дуглас өз кезегінде гол сала алмады. Мотта есепті 2:0-ге жеткізді.
Эдсонның соққысы тіпті қақпадан биік кетті. Осылайша, Италия құрамасы жалпы есепте жеңіске жетіп, Еуро-2026 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Жарнама