Еуродағы Швейцария - Испания және Бельгия - Италия матчтеріне тікелей трансляция

Сурет: UA-Football

Бүгін, 2-шілде футолдан Еуропа чемпионаты 1/4 финалының екі матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда Швейцария - Испания (Санкт-Петербург, басталуы Қазақстан уақытымен 22:00) және Бельгия - Италия (Мюнхен, 01:00) ойындары болады.

Бұл кездесулерді Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді. Сондай-ақ, матчетрді Qazaqstan арнасынан тамашалауға болады.

Еске салайық, 3-шілде Чехия - Дания (Баку) және Украина - Англия (Рим) ойындары өтеді.

Финал 11-шілде Лондонда болады.

Метки: