Бұрынғы саясаткер және миллиардер Бидзина Иванишвили Еуро-2024 турнирінде Португалияны ұтқаны үшін Грузия құрамасына 30 миллион лари (10,7 миллион доллар) сыйлайтынын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.
Иванишвили команданы құттықтап, өзінің қайырымдылық қорынан ақша бөліп беретінін айтты. Байлығы 4,9 миллиард долларға бағаланып отырған бұрынғы саясаткер егер Грузия келесі матчте Испанияны ұтса, тағы 30 миллион лари беруге дайын екенін жеткізді.
Еске салайық, Вилли Саньоля жаттықтыратын команда F тобында Криштиану Роналду бастаған Португалияны 2:0 есебімен ұтты.