Еуродағы 1/8 финалдың қорытынды матчтері: Англия - Германия және Швеция - Украина ойынына тікелей трансляция

Сурет: УЕФА

Бүгін, 29-маусымда футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалының қорытынды матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын күні Англия-Германия матчінен басталады. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтетін ойын 22:00-де басталады. Кездесуді Qazaqstan арнасы тікелей көрсетеді.

Ширек финалға соңғы жолдама үшін Швеция мен Украина таласады. Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өтетін ойынды Qazsport арнасынан 01:00-ден бастап тамашалауға болады.

Еске салайық, мұның алдындағы 1/8 финалда Испания қосымша уақытта Хорватияны ұтты (5:3), Швейцария сенсациа жасап, Франциядан басым түсті (3:3, пенальти - 5:4), Уэльс құрамасы Данияға есе жіберді (0:4), Италия командасы Аустрияны ұтты (2:1), Нидерланды Чехиядан ұтылды (0:2), ал Бельгия құрамасы Португалияны жарыс жолынан шығарды (1:0).

Метки: