Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер өз елінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатында рекорд орнатты, деп жазады Vesti.kz.
Opta Sports мәліметінше, топтық кезеңдегі Швейцарияға қарсы матч ол үшін Еуродағы 18-ші ойын болды - бұл қақпашылар арасындағы рекорд (Джанлуиджи Буффон 17 матч өткізген).
Екі құрама да плей-офф кезеңге өтті, Германия топтық кезеңде 2006 жылғы әлем чемпионатынан кейін алғаш рет сегіз гол салды, ол кезде де әлем біріншілігі осы елде өткен еді.