Еуро матчі кезінде алаңда ес-түссіз құлаған Эриксенмен не болғаны айтылды

Сурет: ТАСС

Еуро-2020 турнирінде Финляндиямен матчте ес-түссіз құлаған футболдан Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен алаңнан алып кетерде есін жиған.

Бірінші тайм соңында Эриксен аяқ-асты газонға есінен танып құлады. Дәрігерлер бірнеше минут футболшыға алғашқы көмек көрсетті, тіпті жүрекке тікелей емес массаж да жасады. Осыдан кейін 29 жастағы ойыншыны алаңнан алып шықты. 

Эриксонды ауруханаға жеткізді. УЕФА ұйымының баспасөз қызметі футболшы госпитальде екенін және жағдайы тұрақтанғанын хабарлады. 

 

Осыған байланысты "Спартак" пен Ресей құрамасының бұрынғы дәрігері Юрий Васильков "Чемпионат" порталына жағдайға байланысты пікір білдірді. 

"Эриксонның жүрегі тоқтап қалды. Шымылдық түріп, футболшыны өзгелердің көзінен таса етті. Жансақтау шаралары жасалғаны белгілі, дегенмен, жүректің тоқтап қалуы - өте сирек жағдай. Кейінгі кезде осындай пайда бола бастады, неге екені әзірге белгісіз. Егер адам өліп кетсе - сұмдық қой. 

Дәрігерлер жүрекке тікелей емес массаж жасады. Бастысы оларда дефибрилляторлар бар. Оңалып кетсін деп дұға етіп қояйық", - дейді Васильков.

 

Метки:
Жаңалықтар