Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен Украинаға қарсы өткен жолдастық матч кезінде есінен танып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Оденсе қаласындағы "EWII Парк – Оденсе" стадионында өтті.
Ойын даниялықтар 2:1 есебімен ұтып жатқан сәтінде тоқтатылып, кейін қайта жалғасқан жоқ. Оқиға екінші таймның ортасында болған. Футболшының құлаған сәті телетрансляцияға түспеген, ал матч 75-минутта үзілген.
— Leon Isley987 (@LeonIsley987) June 8, 2026
Есепті 13-минутта Патрик Доргу ашты. 36-минутта Йоаким Мехле Дания құрамасының басымдығын еселей түсті. Ал бірінші тайм аяқталуға жақын қалғанда, 44-минутта Виктор Цыганков Украина құрамасының сапында гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Айта кетейік, Дания да, Украина да 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады.
Еске салсақ, 2021 жылдың 12 маусымында Еуро-2020 турниріндегі Дания мен Финляндия құрамалары арасындағы матчта (0:1) Кристиан Эриксен бірінші таймның соңында кенеттен алаңда құлап түскен еді. Ол өздігінен орнынан тұра алмай қалған.
Медициналық қызметкерлер оған алаңның өзінде 15 минуттан астам уақыт бойы шұғыл көмек көрсетіп, кейін ауруханаға жеткізген болатын.
Кейін дәрігерлер футболшының жүрегі тоқтап қалғанын анықтады. Осы жағдайдан кейін Эриксенге жүрек соғысын бақылап, осындай қауіптердің алдын алуға мүмкіндік беретін кардиовертер-дефибриллятор орнатылды.
Жарнама