Еуро жүлдегері қазақстандық клубтан кетті

©Futsal legends

Ресейлік ойыншы Александр Фукин "Атырау" футзал клубынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Futsal legends мәліметінше, 37 жастағы ойыншы Қазақстандағы бір жылдан кейін Ресейге оралып, "Кристалл" намысын қорғайтын болады.

Шабуылшы карьерасында КПРФ, "Норильский никель", "Динамо", "Дина" клубтарында өнер көрсеткен. 2004-2014 жылдар аралығы Ресей құрамасы үшін 37 матчте 14 гол салған. Ұлттық командасымен Еуропа чемпионатының күмісін (2005, 2012, 2014), Еуро қоласын (2007) иеленген. Сонымен қоса, Құрлықаралық кубокті (2013) ұтып, Ресей чемпионы (2010/2011, 2011/2012, 2012/2013, 2015/2016, 2016/2017, 2019/2020) атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: