Футбол
23 қыркүйек 13:47
 

Еуро-2026 турниріне жолдама үшін Қазақстан - Италия матчіне трансляция

  Пікірлер

blog.share

Еуро-2026 турниріне жолдама үшін Қазақстан - Италия матчіне трансляция ©ҚФФ

Бүгін, 23 қыркүйекте футзалдан Еуро-2026 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама үшін Қазақстан және Италия құрамалары арасында қарымта матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 23 қыркүйекте футзалдан Еуро-2026 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама үшін Қазақстан және Италия құрамалары арасында қарымта матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарсыластар Астана қаласында кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Қазақстан - Италия матчіне трансляция

Еске салайық, командалар арасындағы алғашқы матч 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында өтіп, алаң иелерінің пайдасын 2:1 есебімен аяқталған.

Қазақстан құрамасына Еуро-2026 турниріне өту үшін не қажет?

Қазақстан құрамасына бүгінгі кездесуде Италияны кемінде екі доп айырмасымен жеңу керек.

Егер негізгі уақыт 2:1 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталса, матч қосымша уақытқа жалғасады. Ал қосымша уақытта есеп өзгермесе, пенальти сериясы ойнатылады.

Егер матч тең нәтижемен аяқталса, Еуро-2026 турниріне Италия құрамасы жолдама алады.

Қазақстан үшін бұл неге шешуші матч?

Еуро-2026 турнирінің іріктеу кезеңінің негізгі раундын қазақстандық футзалшылар өз тобында екінші орынмен аяқтады. Топта күтпеген жерден Армения құрамасы бірінші орын алып (16 ұпай), финалдық кезеңге тікелей жолдама алды.

Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен екінші орынға табан тіреп, плей-офф кезеңіне жол тартты.


Айта кетейік, плей-офф кезеңіне өз топтарында екінші орын алған сегіз құрама қатысады. Қос ойынның нәтижесі бойынша Еуро-2026 турнирінің қалған төрт қатысушысы анықталады.

Еуро-2026 футзал чемпионатының финалдық кезеңі 2026 жылдың 20 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында үш мемлекетте - Словения, Латвия және Литвада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!