Бүгін, 18 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне жолдама үшін Италия құрамасына қарсы алғашқы плей-офф кезеңіндегі кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын Италияның Фазано қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Эфир 22:50-де басталады.
Еуро-2026 жолдамасы үшін Италия – Қазақстан ойынына көрсетілімАйта кетейік, қарымта матч 23 қыркүйекте Астанада өтеді.
Плей-офф кезеңінде негізгі іріктеу раундының топтарында екінші орын алған сегіз құрама бақ сынайды. Қос ойын қорытындысы бойынша Еуро-2026 турниріне қалған төрт жолдама сарапқа салынады.
Турнирдің финалдық кезеңі 2026 жылдың 20 қаңтарынан 7 ақпанына дейін үш елде - Словения, Латвия және Литвада өтеді.