Еуро-2025. Қазақстан жастар құрамасы "өлім тобына" түсті

©

Швейцарияның Ньон қаласында жастар арасында 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды kff.kz.

Қазақстан жастар құрамасы Испания, Бельгия, Шотландия, Венгрия және Мальта командаларымен В тобына бірге түсті. 

Іріктеу ойындары 2023 жылдың наурызынан басталып, 2024 жылдың қарашасына дейін жалғасады. Топ жеңімпаздары мен екінші орын иегерлерінің арасынан үздік үш команда (алтыншы орын алған командалардың нәтижелері саналмайды) финалдық кезеңге бірден шығады. Екінші орын алған қалған алты команда 2024 жылдың қарашасында өтпелі ойындар арқылы соңғы үш жолдаманы сарапқа салады. 

Еуро-2025 финалдық кезеңі Словакияда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: