Еуро-2024 турнирінің плей-офф кезеңінде ойнайтын барлық команда іріктелді

©UEFA

Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалына өткен барлық команда белгілі, деп жазады Vesti.kz.

Топтық кезең қорытындысы бойынша плей-офф кезеңге 16 құрама өтті.

Ол топта жеңімпаз болған: Германия, Испания, Англия, Австрия, Румыния және Португалия.

Екінші орынмен өткендер: Швейцария, Италия, Дания, Франция, Бельгия және Түркия.

Үшінші орын алған ең үздік командалар: Нидерланды, Грузия, Словакия және Словения.

1/8 финал ойындары сенбі, 29 маусымда басталады.

Сегіз команда Еуродан топтық кезеңде шығып қалды: Венгрия, Шотландия, Хорватия, Албания, Сербия, Польша, Украина және Чехия.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport