Еуро-2024: Швейцария мен Чемпиондардың ойыны күтпеген нәтижемен аяқталды

©Reuters

Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында Швейцария мен Италия ойнады, деп жазады Vesti.kz.

Плей-офф кезеңдегі алғашқы ойын Берлиндегі "Олимпиаштадион" алаңында өтті. 

Швейцариялық футболшы Ремо Фройлер 37-минутта есеп ашты.

Мурат Якин жаттықтыратын команда сапына 46-минутта Рубен Варгас екінші голды салды.

Осылайша, матч 2:0 есебімен аяқталды.

Енді 1/4 финалда Швейцария құрамасы Англия - Словакия матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Италия құрамасының Еуропа чемпионы атағы бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport