Еуро-2024 іріктеуіндегі сенсациядан кейін Қазақстан ФИФА рейтингінде жоғарылады

©ҚФФ

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін ұсынды. Жаңа тізімде Қазақстан позициясын жақсартып, жоғарыға көтерілген.

Адиев Магомед жаттықтыратын ұлттық құрама 115-орыннан 112-орынға көтерілді.

Үздік 10 ұлттық құрама тізімі:

1. Аргентина,
2. Франция,
3. Бразилия,
4. Бельгия,
5. Англия,
6. Нидерланды,
7. Хорватия,
8. Италия,
9. Португалия,
10. Испания.

Ал көршілеріміз – Ресей 33-орында, Өзбекстан 77-орында, Қырғызстан 95-орында. Толық тізіммен ресми сайтынан таныса аласыздар.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші кезеңінде өз алаңында Даниядан 0:2 ұтылып тұрып, екінші таймда 3 гол соғып кеткен болатын.

Қазақстандықтар келесі ойындарын тиісінше 16 және 19 маусымда Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы сырт алаңда өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport