Еуро-2024 іріктеуіндегі Испания матчі сенсациямен бітті

©Шотландия құрамасының әлеуеміттік желісінен

Футболдан Испания құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуде Шотландиядан сенсациялық жеңіліске ұшырады. А тобындағы екінші тур ойыны Глазгода өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Луис де ла Фуэнте жаттықтыратын команда 0:2 есебімен ұтылды. Адаң қожайындарынан Скотт Мактоминей дубль жасады (7 және 51-минут).

Осылайша, Стив Кларк жаттықтыратын команда қатарынан екінші рет жеңіске жетіп, топта көш бастап тұр. Ал испаниялықтар алғаш рет ұтылып, топта екінші орында. 

Шотландия келесі матчін 17 маусым Норвегиямен сырт алаңда ойнайды, ал Испания 8 қыркүйекте Грузиямен сыртта кездесу өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар