Еуро-2024 іріктеуіндегі Финляндия - Қазақстан матчтіне трансляция

©ҚФФ

Бүгін, 17 қазанда Хельсинкиде Қазақстан құрамасы Финляндияға қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астана уақытымен 22:00-де басталатын Финляндия - Қазақстан матчін Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. 

Жеті тур қорытындысы бойынша екі команда да 12 ұпай жинап отыр. Турнир кестесінде Финляндия үшінші келеді, ал қосымша көрсеткіштен қалып отырған Қазақстан құрамасы бір саты төмен. 

Қазақстан Еуро-2024 іріктеуіндегі кейінгі матчте Даниядан ұтылып қалды (1:3), ал Финляндия Словенияға есе жіберді (0:3). 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport