Еуро-2024 іріктеуі. Финляндия - Қазақстан матчінің үздік ойыншысы анықталды

©ҚФФ

Ресейлік "Футбол на Куличках" сайты Финляндия мен Қазақстан арасындағы Еуро-2024 іріктеу матчінің үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сегізінші тур ойыны Хельсинкиде өтіп, 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. 

"Ойын соңында ғана ерекшеленсе де, Бахтиер Зайнутдинов сөзсіз матчтің басты қаһарманы болды. ЦСКА-ның бұрынғы ойыншысы алдымен пенальтиді салқынқанды орындады, одан кейін бұрыштан ұшқан жопты қақпаға дәл бағыттады. Дубль жасап, Зайнутдинов салынған голдар саны бойынша (14) Қазақстан құрамасының рекордсмені атанды", - деп жазады дереккөз. 

H тобының турнирлік кестесі мынадай: Словения (19 ұпай), Дания (19), Қазақстан (15), Финляндия (12), Солтүстік Ирландия (6) және Сан-Марино (0).

17 қарашада Қазақстан - Сан-Марино, Финляндия - Солтүстік Ирландия, Дания - Словения ойындары өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport