Еуро-2024 матчінде "Реал" жұлдызы Словакия қақпасына Роналду стилінде гол салды

©Sky News

Еуропа чемпионаты өтіп жатқан Германияның Гельзенкирхен қаласында Англия мен Словакия құрамалары арасында 1\8 финал матчі болды. 

Бұл ойында 25-минутта словакиялық Иван Шранц есеп ашты. Англия Еуродағы қатарынан үшінші ойында гол өткізіп алып отырғанын айта кетейік. 

50-минутта англиялықтардың жартылай қорғаушысы Фил Фоден гол салды, алайда оның добы есептелмеді. 

Тек 95-минутта "Реал" жұлдызы Джуд Беллингем атақты Криштиану Роналду стилінде допты өзінен асыра теуіп, есепті теңестірді.

Осылай матч экстра-таймда жалғасты. Міне осы сәтте Гарет Саутгейт жаттықтыратын команда сапынан Харри Кейн жеңіс голын салды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport