Еуро-2024 турниріне іріктеу матчінде Молдавия құрамасы күтпеген жерден Польшаны ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Е тобындағы кездесу Кишиневте өтіп, 3:2 есебімен аяқталды. Молдовалықтар бірінші тайм аяқталғанда 0:2 есебімен ұтылып жатқан еді, ал екінші бөлікте камбэк жасады.
Алаң қожайындарынан Ион Николаеску (48 және 79-минут) дубль жасады, Владислав Бабогло (85) гол салды. Қонақтардан Аркадиуш Милик (12) және Роберт Левандовски (34) көзге түсті.
Е тобындағы көрсеткіш: Чехия (7 ұпай), Албания (6), Молдова (5), Польша (3), Фарер Аралдары (1).
7 қыркүйекте Чехия - Албания, Польша - Фарер Аралдары мачтері өтеді.