Еуро-2024: Қазақстанның қарсыластары белгілі болды

©УЕФА

Германияның Франкфурт қаласында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сынының жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы H тобына түсті. Еуропа чемпионатына берілетін жолдама үшін біздің құрама Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командаларымен таласады.

Іріктеу сынына 53 құрама қатысады. Ал финалдық бәсекеде 24 команда бағын сынайды. Жарыс қожайындары Германия құрамасы финалдық сынға бірден жолдама алды.

Қазақстан құрама командасында Ұлттар лигасы арқылы да Еуропа чемпионатына жолдамаға таласу мүмкіндігі бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар