Еуро-2024 турнирінде В тобының соңғы матчтері өтті. Бұл топта бұған дейін Испания мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге өткен еді.
Соңғы тур ойынында квартетте екінші орын алған команда анықталды. Ол Хорватиямен тең түскен (1:1) Италия құрамасы болды.
Бұл кездесудің 55-минутында Лука Модрич есеп ашты.
Екінші таймға қосылған минут ішінде-ақ Маттиа Дзакканьи есепті теңестіріп, Еуропа чемпиондарын плей-офф кезеңге өткізіп отыр.
Осылайша, Хорватиялықтар үш ұпай жинап, кварттете үшінші болды, ал төрт балл жинаған италиялықтар екіші орында.
Дюссельдорфта өткен өзге матчте Албания мен Испания ойнады. 13-минутта испаниялықтардың вингері Ферран Торрес ойындағы жалғыз голды салды.
Осылайша, Испания тоғыз ұпай жинап, плей-офф кезеңге бірінші орынмен өтті. Ал бір ғана ұпайы бар Албания Польша және Шотландияның ізінше Еуродан шығып қалды.