Еуро-2023 іріктеуіндегі Қазақстан жастар командасының екінші ойынына тікелей трансляция

©ҚФФ

Бүгін, 7 қыркүйек футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) 2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында екінші матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын команда Нұр-Сұлтанда Дания құрамасымен ойнайды. "Астана Аренада" өтетін кездесу 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы көрсетеді. Тікелей трансляцияны мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.

Дания командасы үшін алдағы матч іріктеу кезеңіндегі бірінші ойын, ал қазақстандықтар бірінші кездесуінде өз алаңында Бельгиядан ұтылды - 1:3. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport