Еуро-2020: Венгрия - Франция, Португалия - Германия және Испания - Польша матчіне тікелей трансляция

Сурет: Sport.ua

Бүгін, 19-маусымда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің кезекті матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің екінші турында Венгрия - Франция (19:00), Португалия - Германия (22:00) және Испания - Польша (01:00) ойындары өтеді.

Бірінші кездесуді Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Ал екінші және үшінші матчті Qazaqstan арнасынан тамашалауға болады.

Мұның алдында, Англия мен Шотландия және Чехия мен Хорватия тең түсті. Ал Швеция құрамасы Словакияны ұтты.