Еуро-2020: Украина - Македония, Дания - Бельгия және Нидерланды - Аустрия матчтеріне тікелей трансляция

Сурет: football24.ua

Бүгін, 17-маусымда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің кезекті ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші тур аясындағы бүгінгі ойында Украина - Солтүстік Македония (19:00), Дания - Бельгия (22:00) және Нидерланды - Аустрия (01:00) кездесуі өтеді.

Бірінші және үшінші матчті Qazsport арнасы көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Екінші ойынды Qazaqstan арнасынан тамашалауға болады.

Еске салайық, түндегі ойында Швейцарияны ойсырата жеңген Италия турнирдің плей-офф кезеңіне бірінші болып өтіп отыр. 

Метки:
Жаңалықтар