Еуро-2020 турнирінің плей-офф кезеңіне шыққан екінші жұп команда анықталды
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсететін екінші жұп белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсететін екінші жұп белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалға жолдама үшін Уэльс пен Дания құрамасы таласады. Матч 26-маусым Амстердамда (Нидерланды) өтеді.
Уэльс төрт ұпай жинап (Түркиямен - 2:0, Швейцариямен - 1:1, Италиядан ұтылды - 0:1), А тобында екінші болды. Ал Ресейді ұтып (1:4), Финляндия (0:1) мен Бельгияға (1:2) есе жіберген Дания құрамасы С тобында екінші болды.
Еуро-2020 турнирі плей-офф кезеңінің бірінші жұбы Италия мен Аустрия болды. Командалар 26-маусым Лондондағы "Уэмбли" стадионында ойнайды.
Сонымен қоса, Еуро-2020 жарысынан шығып қалған үш команда анықталды: үш ұпай жинаған Ресей және бірде-бір баллы жоқ Түркия мен Солтүстік Македония.
Жарнама