Еуро-2020 турниріндегі плей-офф кезеңіндегі матчтердің кестесі жарияланды

Сурет: Soccernews.ru

Футболдан Еуропа чемпионаты 1/8 финалының барлық жұбы белгілі болды. Плэй-офф кезеңіне барлығы 16 команда өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

1/8 финал жұптары:

Уэльс – Дания (26-маусым, Амстердам)
Италия – Австрия (26-маусым, Лондон)
Нидерланды – Чехия (27-маусым, Будапешт)
Бельгия – Португалия (27-маусым, Севилья)
Хорватия – Испания (28-маусым, Копенгаген)
Франция – Швейцария (28-маусым, Бухарест)
Англия – Германия (29-маусым, Лондон)
Швеция – Украина (29-маусым, Глазго)

Еске салайық, Еуропа чемпионаты 11-маусымда басталған. Финал 12-шілдеге қараған түні Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді. Турнир Еуропаның 11 қаласында өтіп жатыр.