Еуро-2020 турнирі ширек финалына шығатын үшінші жұп команда аталды

Сурет: EPA

Бүгін, 28-маусымда Еуро-2020 турнирінің ширек финалына шығатын тағы екі команда анықталады, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан уақытымен 22:00-де Хорватия мен Испания (Паркен, Копенгаген), ал 01:00-де Франция мен Швейцария (Националь, Бухарест) ойнайды.

Parimatch букмекері Испания мен Франция құрамаларын фаворит деп есептейді. Негізгі уақытқа коэфициенттер келесідей:

Хорватия жеңісіне - 6.70, тең ойын - 3.90, Испания жеңісіне - 1.62;

Франция жеңісіне - 1.64, тең ойын - 3.80, Швейцария жеңісіне - 6.60.

Осылайша, букмекерлік болжам - 1/4 финалда Испания мен Франция ойнайды. Еске салайық, ширек финалдың екі жұбы белгілі: Бельгия - Италия және Дания - Чехия.