Еуро-2020 туниріндегі Уэльс - Швейцария, Дания - Финляндия және Бельгия - Ресей матчіне тікелей трансляция

Сурет: MyGameNews.ru

Бүгін, 12-маусымда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің тағы үш матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Уэльс - Швейцария (Қазақстан уақытымен 19:00), Дания - Финляндия (22:00) және Бельгия - Ресей (01:00) кездесулері өтеді. Бірінші екі ойынды Qazsport арансы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Үшінші ойынды Qazaqstan арнасынан тамашалауға болады.

Еске салайық, ашылу салтанатындағы матчте Италия құрамасы Түркияны ұтты.

1/8 финалда әр группадан ең мықты екі команда және үшінші орын алған төрт команда шығады.