Еуро-2020: Швеция - Словакия, Хорватия - Чехия және Англия - Шотландия ойындарына тікелей трансляция

Сурет: UA-Football

Бүгін, 18 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының екінші турындағы үш матч өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Е тобында Швеция - Словакия (басталуы Қазақстан уақытымен 19.00), D тобы: Хорватия - Чехия (22.00) және Англия - Шотландия (00.50). 

Бірінші ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Ал екінші және үшінші матчті Qazaqstan телеарнасы тікелей көрсетеді.

Түнде өткен кездесулерде Украина құрамасы Солтүстік Македонияны ұтты. Сонымен бірге, Бельгия мен Нидерланды турнирдің плей-офф кезеңіне өтті.