Еуро-2020: ширек финалда ойнайтын барлық команда анықталды

Сурет: Reuters©

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалына шыққан барлық командалар белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалға соңғы жолдаманы Украина жеңіп алды, түндегі ойында укариналықтар Швеция құрамасын 2:1 есебімен ұтты. 

Еуро-2020 жартылай финалына шығу үшін Украина құрамасы Англиямен ойнайды.

Осылайша, ширек финалдағы жұп командалар мынадай:

Швейцария - Испания ("Газпром Арена" (Санкт-Петербург) 2-шілде);

 Бельгия - Италия ("Альянц-Арена" (Мюнхен, Германия) 2-шілде);

Чехия - Дания ("Олимпийский" (Баку, Әзірбайжан) 3-шілде);

Англия - Украина ("Олимпико" (Рим, Италия) 3-шілде).

Жаңалықтар