Еуро-2020: Португалия - Франция және тағы үш матчке тікелей трансляция

Сурет: Sport.ua

Бүгін, 23 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының үшінші турында кезекті ойындар өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бүгін E тобында: Севильядағы "Эстадио де-ла-Картуха" стадионында Словакия мен Испания кездесу өткізеді, ал Санкт-Петербургте Швеция және Польша ойнайды. Екі матч те бір уақытта басталады - 22.00.

F тобында: Германия мен Венгрия Мюнхенде ойнайды, ал Будапештте Португалия мен Франция матчтері өтеді. Бұл екі ойын да бір уақытта - 01.00-де басталады. 

Бірінші және үшінші матчті Qazsport телеарнасы көрсетіледі, өзге екі ойынды Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.

Еске салайық, кеше D тобының екі оыны өтті. Хорватия Шотландияны 3:1 есебімен жеңсе, Англия Чехия қақпасына бір гол соққан болатын. 

Метки: