Еуро-2020: Пенальтиді сәтті орындай алмаған Испания Польшамен ойында жеңісті жіберіп алды

Сурет: Polsat Sport

Испания құрамасы футболдан Еуропа чемпионатында Польшамен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

E тобындағы кездесу Севильяда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 25-ші минутында Альваро Мората Испания құрамасын алға шығарды, алайда, 54-ші минутта Роберт Левандовски есепті теңестірді.

58-ші минутта Испания құрамасының шабуылшысы Жерар Морено пенальтиді сәтсіз орындады да, есеп өзгеріссіз қалды. 

Польша командасы Еуро-2020 турнирінде бірінші ұпайын еншіледі. Ал Испания қатарынан екінші ойынды тең аяқтап отыр.

Жаңалықтар