Футбол
14 маусым 2021 09:15

Еуро-2020: Нидерланды Қазақстан құрамасының қарсыласын ұтты, ал Аустрия Солтүстік Македониядан басым түсті

Сурет: AFP

Футболдан Нидерланды құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі матчте Украинаны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

С тобындағы кездесу Амстердамдағы "Йохан Кройфф Арена" стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.

Нидерландтықтар сапынан Жоржиньо Вейналдум (52-ші минут), Ваутер Вегорст (58-ші) және Дензел Дюмфрис (85-ші) гол салды. Ал украиналықтардан Андрей Ярмоленко (75-ші) және Роман Яремчук (79-ші) көзге түсті.

Топтағы өзге матчте Аустрия құрамасы Солтүстік Македонияны 3:1 есебімен ұтты.

Еске салайық, Украина 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі D тобында Қазақстан құрамасына бәсекелес. Командалар үшінші тур аясында 31 наурыз Киевте тең ойнады - 1:1. Енді 1 қыркүйек Қазақстанда кездесу өткізеді.