Еуро-2020 матчінде Бельгия құрамасының қорғаушысы көз шарасы сүйегін екі жерден сындырған

Сурет: gol.ru

Англиялық "Лестердің" 25 жастағы қорғаушысы Тимоти Кастань Еуро-2020 турнирінің бірінші матчінен кейін-ақ Бельгия құрамасының сапынан кетуге мәжбүр, деп хабарлайды Nieuwsblad.

Еске салайық, В тобындағы ойында Бельгия құрамасы Ресейді 3:0 есебімен ұтты.

Кастань ойын кезінде "Зениттің" жартылай қорғаушысы Далер Кузяевке соғылып қалды. Осыдан кейін Тимотиге көз шарасының сүйегі екі жерден сынған деген диагноз қойылды. 

Ресей құрамасы келесі ойынын 16-маусым Финляндиямен, ал Бельгия 17-маусым Даниямен ойнайды.