Еуро-2020: Франция - Германия және Венгрия - Португалия матчіне тікелей трансляция

Сурет: XSPORT.ua

Бүігн, 15-маусымда футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңі бірінші турының соңғы екі мачті өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, F тобында Венгрия мен Португалия ойнайды. Бұл кездесу Будапешттегі "Пушкаш Арена" стадионында өтеді, басталуы Қазақстан уақытымен 22:00. Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді.

01:00-де Франция мен Германия ойыны басталады. Мюнхендегі "Альянц-Арена" стадионында өтетін матч трансляциясын Qazaqstan арнасынан тамашалауға болады.